Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

М.Құл-Мұхаммедтің 2019 жылғы 27 қыркүйектегі Парламенттік тыңдауда сөйлеген сөзі

27.09.2019 0

 

М.Құл-Мұхаммедтің  2019 жылғы 27 қыркүйектегі Парламенттік тыңдауда сөйлейген сөзі

 

  

Құрметті Дариға Нұрсұлтанқызы!

Құрметті әріптестер!

 

Парламент депутаттарының басты міндеті – елге де, ел азаматтарына да пайдалы, сапалы заң актілерін даярлау, жетілдіру және қабылдау.

Ал олардың тиімділігін анықтаудың басты критерийі – қоғамдық мониторинг жүргізу. Біз қабылдаған заңдарды қоғам, БАҚ, әлеуметтік желі, жалпы халық қалай қабылдады? Жетістігі неде? Кемшілігі қандай? Оның бәрін «Әділет» құқықтық жүйесі, Парламентаризм Институты арқылы қадағалап, қоғамдық пікірді ұдайы басшылыққа алып отыруымыз керек.

Екіншіден, Мемлекет басшысы  Қ-Ж.К.Тоқаев ел пікірін  есту, ескеру керектігін қадап айтты. Ол үшін заң жобасын алдын-ала  талқылаудан өткізіп, онда айтылған ұсыныс-пікірлерді жинақтап, қажет жағдайда қабылдайтын заң актісіне енгізуіміз керек.

Үшіншіден, заңның сынға түсетін жері – сот практикасы. Ендеше, бұл мәселе де ұлттық заңнаманы жетілдіру барысында ерекше ескерілуі тиіс.

Төртіншіден, заң нормалары бірден, кедергісіз жүзеге асуы үшін заңмен бірге Үкімет қаулысы, тағы басқа нормативті актілердің уақтылы қабылдануын ұдайы бақылауда ұстау керек. 

Құрметті Владимир Васильевич, прошу учесть мои предложения при подготовке итоговых рекомендаций.

 

 

Бөлісу