Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде басқару тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы»

27.03.2019 0

«Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде басқару тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы»

Құрметті Ольга Валентиновна!

Құрметті әріптестер мен шақырылғандар!

Заң жобасы бойынша баяндамашы толығымен айтып кетті.

Бұл Келісім Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарында құқықтарды ұжымдық басқару арқылы қазақстандық авторлар мен құқық иеленушілердің мүліктік құқықтарын іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Келісім бойынша ұйым құқық иеленушілермен шарттар негізінде, сондай-ақ мемлекеттердің заңнамасына сәйкес осындай шарттар жасамай өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысы өткізіліп, жан-жақты талқыланды.

Заң жобасының қорытындысын бас комитеттің қарауына өзгертулерсіз жолдауды ұсынамын.

 

Назарларыңызға рахмет!

 

Бөлісу