Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

26.06.2017ж., сағ. 11.00-де сенатор Е.Мұқаев ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаевтың төрағалығымен Венгрияның Сыртқы істер және сыртқыэкономикалық байланыс министрі Петер Сийяртомен кездесуге қатысты

26.06.2017 0

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Көмек көрсету және оны пайдалануды бақылау тәртібі туралы хаттаманы ратификациялау туралы», «2016 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Көмек көрсету және оны пайдалануды бақылау тәртібі туралы хаттамаға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының жобалары бойынша

 

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Құрметті әріптестер!

 

Келісімді іске асыру үшін екі елдің Үкіметі арасында Көмек көрсету және оны пайдалануды бақылау тәртібі туралы хаттамаға қол қойылып, 2017 жылғы 17 наурызда Мәскеу қаласында өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама жасалған болатын.

Хаттамаларға сәйкес көмек Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа интеграциялану процесінде жәрдемдесу мақсатында берілейін деп отыр.

Бұл көмек бірнеше траншпен жүргілізіп, әр кезеңде Техникалық жәрдем көрсету туралы жекелеген хаттамалармен рәсімделетін болады.

Хаттамаға байланысты әрбір көрсетілетін көмек тек ақшалай қаражат түрінде ғана емес, жабдықтар, тауарлар мен қызметтер, оқыту түрінде көрсетілуі мүмкін.

Сонымен қатар, екінші хаттамамен өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан тарапының Қырғыз еліне техникалық жәрдем көрсету шеңберінде жүргізілетін жұмыстардың рәсімдері жөнінде енгізіліп отыр.

Мұндай көмек Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасын нығайтуға бағытталған. Бірінші кезекте кедендік өткізу пунктерін, стандарттау және метрология орталықтарының сынақ зертханаларын жайластыру, материалдық-техникалық жабдықтау, сондай-ақ қырғыз мамандарын оқыту болып табылады. Бұл бақылау сапасын арттыруға, кедендік әкімшілендіру рәсімін жеделдетуге, Одақтың техникалық регламенттерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жақсартуға мүмкіндік береді.

Аталған Заң жобалары жауапты лауазымды тұлғалардың қатысуымен жұмыс тобы отырысында, Комитеттің және Комитеттің кеңейтілген отырыстарында жан-жақты қаралып өтті.

Заң жобалары бойынша Сенаттың тұрақты комитеттерінен ескертпелер мен ұсыныстар келіп түскен жоқ.

Жалпы алғанда, заң жобалары теріс құқықтық, әлеуметтік, экономикалық салдарға әкеп соқтырмайды және Халықаралық шарттар туралы Заңның                   11-бабы 2), 7) тармақшаларына сәйкес ратификациялауға жатады. Осыған орай, Қаржы және бюджет комитеті аталған заңдарды қабылдауды ұсынады.

 

Назарларыңызға рахмет.!

Бөлісу