Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

Сенатор Е.Мұқаев «Елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында тиімді валюталық бақылау» тақырыбы бойынша дөңгелек үстелге қатысып, Хабар 24, Атамекен, 31 канал, Қазақстан, Астана ТВ тілшілеріне сұхбат берді

23.02.2018 0

Сенатор Е.Мұқаев «Елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында тиімді валюталық бақылау» тақырыбы бойынша дөңгелек үстелге қатысып, Хабар 24, Атамекен, 31 канал, Қазақстан, Астана ТВ тілшілеріне сұхбат берді

 

 

Сенат депутаты Е.Мұқаевтың дөңгелек үстел тақырыбы бойынша берген сұхбаты:

 

Телеканал Астана ТВ - 22 ақпан, 20:00
http://www.astanatv.kz/news/show/id/64860.html

 

24 Хабар, 22.02.2018, 20:33 рус.

http://24.kz/ru/news/policy/item/223348-metody-borby-s-vyvodom-kapitala-iz-strany-obsudili-v-senate-parlamenta

 

Выпуск новостей 24 Хабар - 20:00 от 22.02.2018 на рус

http://24.kz/ru/news/vypuski-novostej/item/223343-vypusk-novostej-20-00-ot-22-02-2018

 

Хабар 24, 22.02.2018, 19:07 каз

http://24.kz/kz/zha-aly-tar/ekonomika/item/223333-valyutaly-ba-ylaudy-zh-zege-asyru-bojynsha-d-gelek-stel-tti

 

Хабар 24 22 ақпан 2018 жыл - 19.00 жаңалықтар топтамасы

http://24.kz/kz/zha-aly-tar/zha-aly-tar-toptamasy/item/223341-22-a-pan-2018-zhyl-19-00-zha-aly-tar-toptamasy

 

Сенатта капиталды шетке шығаруға қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

 

Сенатта «Елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында тиімді валюталық бақылау» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел отырысы болды.

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечина шараны аша келіп, капитал қозғалысының арта түсуі және елден қаржы-қаражаттың шығарылуына байланысты көріністерді атап өтті. Ұлттық банктің 2014-2016 жылдардағы кезеңі жөніндегі мәліметтеріне сәйкес, жеңілдетілген салық салынатын елдерге 35 миллиард теңге сомасында қаржы аударылыпты.

О. Перепечина еліміздің Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2020 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру мәселелері жөніндегі таяуда болған отырысында Президент Н.Назарбаев: «Ұлттық қауіпсіздік қорғаныс немесе ішкі саясатта ғана емес, сонымен қатар экономика, өскелең ұрпаққа тәрбие беру және басқа да барлық салаларда қамтамасыз етілуге тиіс», деген болатын. Яғни, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ұлттық қауіпсіздіктің құрамы ретінде ерекше зор маңызға ие.

Мемлекет басшысы Индустияландыру күні аясында болған жалпы халықтық телекөпірде қазақстандық компаниялардың еңбегімен табылған капиталдың шетелге кету мәселесін көтерген болатын.

Елімізден тыс жерлерге қаржыны түрлі заңсыз жолдар бойынша аударудың ұлғая түсуіне Парламент депутаттары да алаңдаушылық білдіріп отыр. «Капиталды алып кету өзекті мәселеге айналып, жедел түрде тиімді шара қабылдауды талап ететін деңгейге жетіп отыр», - деді сенатор.

Сенат комитетінің басшысы Ұлттық банкі мен мүдделі мемлекеттік органдарды осы өткір мәселені шешуде бірлескен қадамдар әзірлеуге шақырды. «Еліміздің экономикалық қауіпсіздігін тек тиімді валюталық бақылау ғана қамтамасыз ете алады», - деп атап өтті О. Перепечина.

Баяндамашылар өз сөздерінде бүгінгі дөңгелек үстелдің күн тәртібінде белгіленген мәселелер бойынша мекемелерінің әдіс-тәсілдері туралы сенаторларды хабардар етті.

Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков Ұлттық банк қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға, валюталық, кедендік және салықтық бақылау арқылы терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды қамтитын тетіктерді пайдалануды ұсынатынын айтты. «Бұл тетіктерді бірлесе қолдану шетелге немесе банк жүйесінен қолма қол түрдегі ақшаны сыртқа шығаруға байланысты жолдарды айқындауға және күмәнді операция жасайтын сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ығыстырып шығаруға бағытталған. «Күмәнді» компанияларды төлем жүйесі мен қолма қол ақша көзінен алып тастау қолға алынды. Басты назар әлденеше жыл бұрын ақшаны сыртқа шығарған, «тастап кеткен» компаниялардан түсініктеме жаздыру мен айыптарды өндіруге емес, ақшаны шығару жолдарын «сындыруға» ауыстырылып отыр», деді О. Смоляков.

Оның айтуынша, Ұлттық банк ұсынып отырған тетіктерін капиталды шығару жолдарын анықтауды, банк клиенттерінің капиталды шығару жолдары жөніндегі операция жүргізу мүмкіндіктерін шектеуді, қатері зор клиенттерге және күмәнді операцияларға қызмет көрсететін банктерді, капиталды шығару жолдарына тартылған сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қатысты бақылауды күшейтуді көздейді.

Қаржы министрлігі қаржы мониторингі жөніндегі комитет төрағасының орынбасары София Айсағалиева депутаттарға өз мекемесінің валюталық бақылау мен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және қаржы мониторингі жүргізу субъектілерінің терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етудегі жұмыстары туралы айтып берді.

Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқарушы Уәлихан Ділдабаев ұлттық және шетелдік валютадағы қаржының шетелден қайтарылмауына байланысты қылмыстық істерді тергеудің сот-іздестіру тәжірибесі туралы баяндады.

Өзекті мәселе қауіпті деңгейге жетуіне қарамастан елімізден капиталды шығаруға қарсы іс-қимыл шаралары тиімсіз болып отыр. Баяндамашының пікірінше, заңнаманың (ҚР Қылмыстық кодексі, 235 бап) олқылықтарына байланысты, тек сыртқы экономикалық операциялар бойынша валюталық түсімдердің қайтарылмағаны үшін ғана қылмыстық жауапкершілік көзделеді. Тіпті, осы бап бойынша жауапкершілікке тарту, У. Ділдабаевтың пікірінше, күрделі болып отыр, өйткені, қолданыстағы мәтін кінәлі адамның түпкі ойын дәлелдеудің қиындығынан құқық бұзушылықтың осы түрімен толыққанды күресуге мүмкіндік бермейді.

Баяндамада мынандай деректер айтылды: «Қаржы полициясының органдары 2013 жылы шетелден ұлттық және шетелдік валютадағы қаржының қайтарылмауы жөніндегі 15 деректі, 2014 жылы 9 деректі тіркеді. Олардың бірде-біреуі сотқа жіберілген жоқ. 2015-2017 жылдар аралығында тіркелген 239 деректің (қайтарылмаған қаржының сомасы 105,0 млрд. АҚШ доллары) тек 2-еуі ғана сотқа жеткізілді және 17-сі тоқтатылды».

Дөңгелек үстел барысында инвестициялар және даму министрінің орынбасары Арыстан Қабыкенов пен Ernst and Young компаниясының Қазақстан және Орталық Азиядағы әріптес басқарушысы, Шетелдік инвесторлар кеңесі инвестициялық саясатты іске асыру жөніндегі жұмыс тобының шетелдік тараптан тең төрағасы Ерлан Досымбеков те сөз сөйледі. Олар валюталық реттеу шараларына көзделіп отырған өзгерістерге қатысты шетелдік бизнес өкілдерінің пікірін депутаттарға жеткізді. Шетелдік инвесторлар қабылданған жаңа шаралар Қазақстанның инвестициялық ахуалына жағымсыз әсер етеді деп санайды. Е. Досымбеков айтқандай, «жаңа заңдардың қабылдануы жаңа шектеулер енгізу көрінісі ретінде ерікті саясаттан бас тарту ретінде қарастырылуы ықтимал». Инвесторлар да шетелдік компаниялар бөлімшелеріне/өкілдіктеріне Қазақстан Республикасының резиденттеріне шетелдік валютада есептесуге тыйым салу енгізуге келіспей отыр.

Парламент депутаттары мен басқа да қатысушылар талқыланып отырған мәселелер бойынша өз ойларын ортаға салды.

Дөңгелек үстелді аяқтай келіп, Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечина пікірсайыс аясында валютаның елге оралуына, капиталдың заңсыз шығарылуымен күресте мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылының тиімділігіне, кірістерлі жылыстатуға қарсы тетіктерді тиімді пайдалануға қатысты, еліміздегі инвестициялық ахуалға валюталық реттеу жөнінде көзделіп отырған шаралардың әсері және басқа да мәселелер айтылғанын атап өтті. Белгіленген өзекті мәселелер дөңгелек үстелдің ұсынымдарында көрініс тапты.
_________________________________________________________
Сенат
Ақпарат көзі:
http://www.parlam.kz/kk/senate/press-center/article/35674


Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлісу