Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

28.02-02.03.2018 ж. Сентор Е.Мұқаев ТМД ПАА Мәдениет, ақпарат, туризм және спорт жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысына қатысты

03.03.2018 0

28.02-02.03.2018 ж. Сентор Е.Мұқаев ТМД ПАА Мәдениет, ақпарат, туризм және спорт жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысына қатысты

 

Сенаторлар ТМД ПАА комиссиясының отырысына қатысты

 

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечина ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы Бақылау-бюджет комиссиясының отырысына қатысты.

Шараға қатысушылар ТМД ПАА-ның 2018 жылға нақтыланған жұмыс жоспарын, Достастық аясында жасалған халықаралық шарттардың ратификациялану үдерістері туралы ақпаратты, сондай-ақ комиссияның 2017 жылғы жұмысының қорытындылары туралы есепті қарады. Отырыс барысында бірқатар ұйымдастыру мәселелері де қаралды.

ТМД ПАА Мәдениет, ақпарат, туризм және спорт жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысына Қазақстан Парламентінің жоғарғы Палатасынан сенатор Ерболат Мұқаев қатысты.

Отырыс барысында комиссия мүшелері «Жеке мәліметтер туралы», «Балалар және жасөспірімдер туризмі туралы» үлгі заңдарының жаңа мәтіндерінің жобаларын, «Трансшекаралық ақпарат алмасу барысында электрондық сипатта нотариалдық іс-қимыл жасау туралы», «Әлеуметтік туризм туралы» үлгі заң жобалары және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Инфокоммуникациялық дамудың аймақтық мониоринг құралдары мен нәтижелерін пайдалану жөніндегі нұсқаулығын, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің туризм саласындағы іскерлік тәжірибесінің ережелерін сақтау жөніндегі нұсқаулығын және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің шетелдік туристер мен tax-free жүйесі бойынша уақытша келушілер үшін жеңілдікті сауда тәртіптерін бекіту жөніндегі нұсқаулықты талқылады.

Отырысқа қатысушылардың назарына «Спортта допинг қолдануға қарсы іс-қимыл туралы» және «Мектептегі спорт туралы» үлгі заң жобаларын әзірлеу барысы туралы ақпарат ұсынылды. Комиссия ТМД-ға қатысушы мемлекеттерге арналған Мәдениет туралы үлгі кодексінің жобасын және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мәдени мұраларын сақтау туралы конвенция жобасын тұтастай мақұлдады және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының отырысының күн тәртібіне ұсынылды.

Комиссия мүшелері ТМД ПАА Мәдениет, ақпарат, туризм және спорт жөніндегі тұрақты комиссиясының 2017 жылғы жұмысының қорытындылары және ТМД ПАА комиссиясының бастамасы бойынша қабылданған үлгі заңнамалық актілерді үйлестіру барысы, Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысының заң шығару қызметі туралы ақпараттармен танысты.

Отырыста сондай-ақ мәдениет және өнер, баспасөз және ақпарат, дене шынықтыру, спорт және туризм саласындағы ТМД ПАА-ның құрмет белгісімен марапаттауға ұсынулар туралы мәселе қаралды.

 

Ақпарат көзі: http://www.parlam.kz/kk/senate/press-center/article/35714

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты

 

Бөлісу