Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор Е.Мұқаев ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаровтың төрағалығымен Норвегия Стортингі (Парламенті) Шетел істері және қорғаныс жөніндегі тұрақты комитетінің төрағасы Анникен Хютфилдпен және Стортингтің Энергетика және қоршаған орта жөніндегі тұрақты комитетінің мүшесі Османд Аукрюстпен кездесуге қатысты

24.04.2018 0

Сенатор Е.Мұқаев ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаровтың төрағалығымен Норвегия Стортингі (Парламенті) Шетел істері және қорғаныс жөніндегі тұрақты комитетінің төрағасы Анникен Хютфилдпен және Стортингтің Энергетика және қоршаған орта жөніндегі тұрақты комитетінің мүшесі Османд Аукрюстпен кездесуге қатысты

 

Қазақстан мен Норвегия парламенттерінің ынтымақтастығы нығая түседі

 

24 сәуір 2018 ж

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров Норвегия Стортингі (Парламенті) Шетел істері және қорғаныс жөніндегі тұрақты комитетінің төрағасы Анникен Хютфилдпен және Стортингтің Энергетика және қоршаған орта жөніндегі тұрақты комитетінің мүшесі Османд Аукрюстпен кездесті.

Б. Бекназаров Қазақстан Норвегияны Еуропадағы маңызды саяси әрі экономикалық әріптесі ретінде қарастыратынын атап өтті. Біздің еліміз барлық бағыттағы екіжақты байланыстарды, оның ішінде заң шығару органдарының өзара іс-қимылы аясындағы ынтымақтастықты нығайтып келеді. Сенат Төрағасының орынбасары норвег жағымен парламентаралық үнқатысу аясында байланыстарды дамытуға ықылас білдірді.

Б. Бекназаров Қазақстанның саяси өміріндегі Сенаттың рөлі, сондай-ақ Президент Н. Назарбаевтың стратегиялық жоспарларын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етудегі депутаттардың жұмысы туралы Норвегия делегациясын хабардар етті. Мемлекеттік институттарды жаңғырту, энергиялық тұрғыда тиімді экономика қалыптастыру, өмірдің жоғары деңгейі мен азаматтардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерге ерекше назар аударылды. Осыған байланысты экономиканы, экологияны және әлеуметтік өмірді реттеу саласындағы норвег тәжірибесі Қазақстанды қызықтырып отыр.

Б. Бекназаровтың пікірінше, энергетика, экология және табиғи ресурстарды игеру саласында бірлескен жобаларды іске асыру мен тәжірибе алмасу үшін ауқымды мүмкіндіктер ашылуда.

Сенат Төрағасының орынбасары екі елдің жаһандық ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұстанымдарының жақындығын және Қазақстанда МАГАТЭ аясындағы төмен байытылған уран банкінің ашылуына донорлардың бірі ретінде

Норвегияның қатысқанын атап өтті. Норвег парламентшілері өз елдерінің осы аймақтағы маңызды әріптесі Қазақстан екенін атап өтті және біздің елдеріміздің көпжақты өзара іс-қимылын одан әрі нығайтуға сенімдерін білдірді.

А. Хютфилд БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі тұрақты емес мүшесі ретіндегі Қазақстанның белсенді әрекетін, жаһандық ядролық қарусыздану мен Сирия шиеленісін реттеудегі Астананың үлесін жоғары бағалады.

Жүздесуге Сенат депутаттары Бекмырза Еламанов, Ерболат Мұқаев және Мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай қатысты.

 

Ақпарат көзі: http://www.parlam.kz/kk/senate/press-center/article/35912
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты

 

Бөлісу