Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор Е. Мұқаев 2018 жылғы 5 маусымда, сағат 10.00, 212-отырыс залында өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің есебін және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «2017 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің есебіне қорытындысын талқылау бойынша Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысына қатысты

05.06.2018 0

Сенатор Е. Мұқаев 2018 жылғы 5 маусымда, сағат 10.00, 212-отырыс залында өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің есебін және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «2017 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің есебіне қорытындысын талқылау бойынша Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысына қатысты

 

Сенат комитетінде 2017 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет пен Есеп комитетінің есептері талқыланды

 

05.06.2018 ж.

 

Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында 2017 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет пен Есеп комитетінің есептері қаралды.

Қаржы министрінің орынбасары Берік Шолпанқұлов пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова баяндама жасады.

2017 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкіметтің есебінде атап өтілгендей, Жалпы ішкі өнім 3,4 пайыздық нысаналы көрсеткіште 2016 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 4,0 пайызды құрады, өнеркәсіптің (7,1 пайыз) және қызмет көрсету саласының (2,7 пайыз) қарқынды өсуі есебінен болды. Мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелері бойынша шығыстары толық көлемде орындалды, 2 пайыз деңгейінде болжанған инфляцияның алдын алып зейнетақы төлемдерін ұлғайту қағидасы сақталды. 2017 жыл бойы республикалық бюджет екі рет нақтыланды және үш рет түзетілді, республикалық бюджетті іске асыру туралы 3 қаулы жобасы қабылданды.

Республикалық бюджеттің 2017 жылғы негізгі көрсеткіштері мынандай болды: түсімдер 9 799 миллиард теңгені немесе 101,1 пайызды құрады, кірістер 9 692 миллиард теңге түсті. Таза кіріс түріндегі салық түсімдерінің үлесі 2016 жылмен салыстырғанда 3,4 пайызға ұлғайды және Ішкі жалпы өнімге қатысты 0,2 пайыз, шығыстар 11 156 миллиард теңге немесе 99,8 пайыз деңгейінде орындалды. 2016 жылмен салыстырғанда шығыстар 2 655,5 миллиард теңгеге өсті. Мемлекеттік және үкіметтік 11 бағдарламаға, 336 бюджет бағдарламасын іске асыру арқылы 47 стратегиялық көрсеткіштер бағытына қаржы бөлінді. Республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есеп комитетінің есебін ұсына отырып,

Н.Годунова бюджетті атқару барысында бюджет заңнамасында стратегиялық жоспарлауға басымдық беруді заңнамалық тұрғыда бекіту туралы сенаторлар Д.Әділбеков пен С.Жақсыбеков көтерген өзекті мәселелерге комитет талдау жасағанын атап өтті. «Бұл үшін бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге салынған қаражаттың әсерін және бағалау әдіснамасын енгізу бойынша жұмысты жылдамдату қажет, ол өз кезегінде бірінше кезекте стратегиялық мақсаттар мен индикаторларға қол жеткізуге бағдарлануы тиіс», - деді Н.Годунова.

Мемлекеттік органдарға экономикалық жоспарлау жүйесіндегі барлық құжаттарды стратегиялық міндеттерге сәйкес келтіру үшін уақыт беру керек. Және содан кейін бағдарламалар мен жоспарларды орындау процесінде мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың, сондай-ақ министрліктердің стратегиялық жоспарларының нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштеріне өзгеріс енгізуге тыйым салу қажет. Н.Годунова бақылау мен жауаптылық тетігін жетілдіру, салықтық және кедендік әкімшілендіру сапасын арттыру жөніндегі жұмыстарды басымдыққа ие мәселелер қатарында атады. Жалпы алғанда 2017 жылдың қорытындысы мен Есеп комитетінің бағалауы бойынша сапасыз әкімшілендірудің салдарынан республикалық бюджеттің болжамды шығындары 6,5 млрд. теңгені құрады.

«Сенаторлар дұрыс байқағандай, бюджетке бересі, қосымша құн салығын қайтару және жалпы түсімдерді сапалы болжамдау бойынша мәселелерді шешуде тиімділікті қамтамасыз ету керек», - деді Есеп комитетінің төрағасы.

«Осы уақытқа дейін квазимемлекеттік сектордың инвестициялық жобаларды іске асырудан қалған қаражат қалдықтарын бюджетке қайтару мәселесі шешілмей отыр. 2018 жылғы 1 қаңтарға қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында 74 миллиард теңге қалып отыр, оның 38 миллиард теңгесі 2017 жылғы қаражат. Екінші деңгейдегі банкілердегі депозиттерге салынған қаржының жалпы көлемі туралы Үкіметте ақпарат жоқ», - деді ол.

Сенаторлар Ә.Бектаев пен Н.Қылышбаев жылдан-жылға квази мемлекеттік сектор субъектілерін «үйіп тастауды» жалғастырып отырғанымызға назар аударды. Алынған кіріске қайта есептегенде квазимемлекеттік сектор субъектілерінен дивидендтер түсімдері мен аударымдарының үлесі жыл сайын төмендеуде. 2017 жылы аударылған дивидендтер мен аударымдардың көлемі таза кірістен 6 пайызға дейін төмендеді.

«Бұл ретте, Есеп комитетінің квазисектор субъектілеріне қаражатты жобаларды іске асыруына қарай кезең-кезеңімен бөлу және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері сияқты нәтижеге бағдарланған бюджеттеу қағидаты бойынша қаржыландыру тетігін бекіту туралы ұсынымдары осы күнге дейін іске асырылмаған», - деді Н.Годунова.

Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов 2017 жылғы ақша-несие саясаты туралы депутаттарды хабардар етті.
_________________________________________________________
Сенат
Ақпарат көзі:
http://www.parlam.kz/kk/senate/press-center/article/36007
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты

 

 

 

Бөлісу