Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

"Қазақстан Республикасы мен Солтүстік инвестициялық банк арасындағы Солтүстік инвестициялық банктің Қазақстан Республикасындағы қызметін реттейтін негіздемелік келісімді ратификациялау туралы"

26.09.2019 0

"Қазақстан Республикасы мен Солтүстік инвестициялық банк арасындағы Солтүстік инвестициялық банктің Қазақстан Республикасындағы қызметін реттейтін негіздемелік келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын  қарау барысында  Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Ж.Х. Мәдиевпен,  депутат Т.Т.Мұқашевпен мынадай сұрақтар қойылды:

МҰҚАШЕВ Т.Т.  Осы банктен шағын және орта бизнес несие ала алады ма, әлде біздің банктер міндетті түрде делдал болуы керек пе?

МАДИЕВ Ж.Х. Сұрағыңызға рахмет. Аталған банк делдалдар арқылы жұмыс істейді,  бұл қаржы ұйымдары, жергілікті банктік қаржылық ұйымдар.   Олардың бағынуға тиіс  қатаң талаптары бар. Осыған байланысты, ставкалардың көтерілуі жоғары болады деп ойламаймыз. Бұл банктің тәжірибесі, өйткені Қазақстаннан тыс жерде тікелей несие беру қиынға соғады. Сондықтан, бұл толықтай  стандартты тәжірибе.

 

 

Бөлісу