Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Қазақстан Республикасы Маслихаттарының құрылуына 25 жыл толуына орай республикалық конференция қатысушыларының тізімі

06.12.2019 0

6 желтоқсанда Тәуелсіздік сарайында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және басқа да мүдделі министрліктердің қолдауымен Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл толуына арналған республикалық конференция өтті.

Конференцияға Парламент Сенатының депутаттары, Үкімет мүшелері, еліміздің барлық өңірлерінен облыстар, қалалар мен аудандар мәслихаттарының депутаттары мен хатшылары қатысты.

Іс-шара соңында мәслихат депутаттарын құрмет грамоталарымен және «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медальдарымен марапаттау рәсімі өтті.

Сенат Төрағасы Д. Н. Назарбаева жергілікті өкілетті билік органдарының мемлекеттік басқарудың аса маңызды буыны ретінде азаматтарға және олардың проблемаларына барынша жақындағанын атап өтті.

Аталған конференцияны өткізу барысында ҚР Парламенті Сенатының депутаты, "Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі" РҚБ төрағасы Т. Т. Мұқашев конференцияның модераторы ретінде сөз сөйледі: 

«Құрметті әріптестер! Қадірлі конференцияға қатысушылар!

Баршаңызды Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылуына 25 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев, өзінің 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Мемлекет дамуының жаңа кезеңінде мемлекеттік органдардың қызметіндегі басты басымдық ретінде - қоғамдық диалогты, ашықтықты, адамдардың қажеттілігіне жедел ден қоюды, халықпен тиімді кері байланыс орнатуды айтып өтті.

Бүгінде мәслихаттар қоғам мен билік арасындағы тұрақты диалогты жүзеге асыратын толыққанды алаңға, әлеуеті зор негізгі билік институтының біріне айналды.

Соның нәтижесінде мәслихаттар еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлестерін қосып келеді.

Сол себепті бүгінгі конференцияға Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігі, Үкімет мүшелері, еліміздің барлық деңгейдегі мәслихаттарының, саяси партиялардың және БАҚ өкілдері қатысып отыр.

Басты мақсатымыз – мәслихаттар қызметін одан әрі жетілдіру, оның даму перспективаларын сіздермен бірге талқылай отырып жаңа мүмкіндіктерін айқындау болып табылады.

 

 

 

Бөлісу