Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Аймақтығы жұмыс

06.04.2018 0

30 наурыз 5 сәуір аралығында Парламент Сенатының вице-спикері                       Б. Бекназаров, сенатор С. Бектұрғановпен бірге жұмыс сапарымен Қостанай облысының Қостанай, Арқалық қаласының, шалғай Амангелді және Жангелді аудандарының экономикалық және әлеуметтік нысандарында болды. 

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын түсіндіру мақсатында тұрғындармен, жергілікті атқарушы және өкілді органдардың активтерімен, аграрлық кәсіпорындар мен әлеуметтік сала ұжымдарымен кездесулер өткізді, Қазақ халқының салт-дәстүрі мен материалдық емес мұрасын сақтауға, қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған Қазақстан Республикасы Президентінің «Рухани жаңғыру» атты мақаласы талқыланды, Елбасының барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бес әлеуметтік бастамасы туралы ақпаратты халыққа жеткізді.

Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетовпен әңгімелесу барысында аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму келешегі мен бес президенттік бастаманы жүзеге асыру жоспарларын талқылады. Онда облыстың шалғай аудандарының тұрғындары көлік қатынасы, Арқалық-Торғай-Ырғыз темір жолының құрылысы, Арқалық-Шұбаркөл бағыты бойынша теміржол желісін салу, сондай-ақ Арқалық қаласын оңтүстікке қарай кеңейту, жанар-жағар май құю станциялары туралы, ресейлік ғарыштық зымырандардың пайдаланылған сатыларының құлауына байланысты экологиялық зияны туралы, жерді «Алтын Дала» резерватына жатқызуға байланысты мал жайылымдарының азаюы туралы бірқатар проблемалық мәселелерді көтерді.

 

Бөлісу