Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Халықаралық қызметі

16.07.2018 0

16 шілдеде Ташкентте ұйымдастырылған «Саяси жүйені демократияландыру және жаңғырту жағдайында Заң шығару және парламенттік бақылау: Өзбекстан Тәжірибесі» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.

Ж.Нұрғалиев өз сөзінде дөңгелек үстелге қатысушыларды ҚР Президенті Н.Назарбаевтың елді қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғырту бастамаларымен таныстырды. Депутат Қазақстанның сыртқы  саясатындағы шешуші бағыттар, негізгі стратегиялар мен бағдарламалық құжаттар туралы әңгімеледі. Ж.Нұрғалиев қазақстандық Парламенттің қызметі туралы ақпараттандырып, президенттік уәкілеттіктің бір бөлігін атқарушы және заң шығарушы билікке беру туралы мемлекет Басшысының бастамаларын іске асырудың маңыздылығын ерекше атап көрсетті. Атап айтқанда, дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстанда жүргізілген конституциялық реформа нәтижесінде Парламенттің бақылау рөлі арттырылып, Үкіметтің елдегі әлеуметтік-экономикалық саясаттың іске асырылуына және жәй-күйіне жауапкершілігі күшейтілгені туралы ақпарат алды. Дөңгелек үстелге қатысушылар талқыланып отырған мәселелердің өзектілігіне назар аудара отырып, көпқырлы парламентаралық ынтымақсатықты жалғастыру қажеттігін атап көрсетті.

 

Бөлісу