Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Комитет отырысында заң жобасы қаралды

03.07.2019 0

«2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы»

 

2006 жылы Шекара маңындағы аумақ тұрғындарының шекараны кесіп өту тәртібі және құжаттары тізімі қарастырылған Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы үкіметаралық келісімге қол қойылған.

Азаматтарды тіркеу кітабының күшін жоюына және мекенжай анықтамасын енгізуге байланысты Қазақстанның ішкі заңнамасындағы өзгерістерге орай аталған Келісімге өзегрістерді енгізу қажеттілігі туындады. Бұл өзгерістер 2018 ж. 9 қарашада Петропавлда 15-ші Өңіраралық ынтымақтастық форумында қол қойылған тиісті Хаттаманы қабылдау арқылы енгізілді.

Осыған байланысты Хаттаманы қабылдау Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының маңындағы аумақтарында тұратын Қазақстан азаматтарының өту үдерісін жеңілдетуге және тәртіпке келтіруге бағытталған.

 

 

 

Бөлісу