Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Кеме қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы»

13.10.2020 0

Заң жобасы бойынша сөз сөйлеу

«Кеме қатынасы туралы келісімді

ратификациялау туралы»

 

Аталған заң жобасы 2019 жылғы 1 ақпанда Алматы қаласында Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдер қол қойған кеме қатынасы туралы келісімді ратификациялауды ұсынады.

Келісім Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің ішкі су жолдарымен кемелердің жүзуі кезінде туындайтын қатынастарды реттеу бойынша бірыңғай құқықтық алаң құруға бағытталған және транзиттік өтуге оңайлатылған рұқсат беру тәртібін, екі жақты тасымалдау кезінде хабарлама жасау тәртібін енгізуге мүмкіндік береді.

Осы заң жобасын қабылдаудың экономикалық салдары Ресейдің ішкі су жолдары арқылы Каспий теңізінің қара/Жерорта/Балтық теңіздерінің акваториясынан/акваториясына транзиттік рейстерді жүзеге асыру кезінде габаритті емес жүктер импортының және құрғақ жүктер экспортының өсуі және көрсетілген тасымалдарды жүзеге асыру кезінде бюджетке салық түсімдерінің өсуі болады.

Бұдан басқа, Келісім Ресейден және Қазақстаннан Қытайға Ертіс өзені бойынша тасымалдарды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

Сондай-ақ келісімде тараптардың кемелері үшін порттардың қызметтеріне қол жеткізудің тең шарттарын ұсыну, оның ішінде кемелер экипажы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттарды өзара тану, кеме құжаттарын және теңізшілердің білікті құжаттарын тану ЕАЭО-ға қатысушы елдердің ішкі су жолдарымен кемелердің кедергісіз жүріп-тұруы мақсатында көзделеді.

Заң жобасын қабылдау қосымша қаржылық шығындарға алып келмейді.

Баяндалғанды ескере отырып, Құрметті әріптестер, осы заң жобасын қолдауды ұсынамын.

Бөлісу