Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Заң жобасы «Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы»

30.01.2018 0

Комитет отырысы

30.01.18 ж. 11:00, зал 214

                                                                            

«Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы»  Заңның жобасы бойынша

СӨЗ СӨЙЛЕУ

 

Құрметті Дариға Нұрсұлтанқызы,

Құрметті әріптестер!

 

Жаһандану жағдайында мемлекетіміз жүргізіп отырған саясат халықаралық-құқықтық тұрғыдан алғанда айрықша мәнге ие болып отыр. Осыған байланысты, маңызды бағыттардың бірі – сыртқы саясат саласында ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерді қорғауға, халықаралық аренада екіжақты және көпжақты қатынастар жасауда өзара тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз етуге бағытталған сыртқы саясатты және сыртқы экономикалық қызметті құқықтық жағынан қамтамасыз ету болып табылады.

Осындай халықаралық-құқықтық реттеу салаларының
бірі – Вьетнаммен арада Ұстап беру шартты жасасу болып отыр.

Шарттың негізгі мақсаты – экстрадиция мәселелері бойынша екіжақты ынтымақтастықты орнатып, нығайта түсу, қылмыстық қудалауды жүзеге асыру немесе адамды ұстап беруге алып келетін қылмыс үшін соттың заңды күшіне енген үкімін орындау мақсатында іздестіріліп жатқан, мемлекеттердің аумақтарында болатын кез келген адамды ұстап беру болып табылады.

Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау қажеттілігі туындап отыр, оның мазмұны халықаралық құқықта көзделген нормаларға сай келеді.

Осы Шартта адамды ұстап беру және оны ұстап беруден бас тарту үшін барлық негіздер көзделген.

Өзара іс-қимыл жасау үшін орталық органдар болып Қазақстан тарапынан Бас прокуратура және Вьетнам тарапынан Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі айқындалған.

Осы Шартты қолдану немесе түсіндіру барысында туындайтын кез келген келіспеушіліктер екі мемлекеттің орталық органдары арасындағы консультациялар мен келіссөздер арқылы шешілетін болады.

Бұл заң жобасын жұмыс тобында әзірлеушімен егжей-тегжейлі талқыладық. Сұрақтарымызға тиянақты жауаптар алынды.

 

Осы заң жобасын Бас комитетке ескертпесіз жіберуді ұсынамын.

Назарларыңызға рахмет.

Бөлісу