Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенаторлар Солтүстік Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшелерімен кездесті

11.01.2018 0

Сенаторлар Солтүстік Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшелерімен кездесті

Сенат депутаттары Ольга Перепечина мен Ерік Сұлтанов Солтүстік Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшелерімен кездесті. Шараға «Қазақстан Республикасының Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық ұйымының облыстық бөлімшесінің өкілдері, облыстық мәслихаттың депутаттары қатысты. Шара барысында аймақты әлеуметтік-экономикалық дамуыындағы өзекті мәселелер туралы сөз болды. Кездесуге қатысушылар атап айтқанда Айыртау ауданындағы табиғатты қорғау аймақтарындағы жолдардың күрделі жағдайына алаңдаушылық білдірді. 2018 жылы облыста Қазақстан және Ресей президенттерінің туризм саласын дамытуға байланысты кездесуі жоспарланып отырған кезде көлік жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізуге ерекше мән берілуі тиіс. Аймақ тұрғындарын денсаулық сақтау мекмелерін қаржыландыру, қоғамдық кеңестер қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету, ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз ету мәселелері толғандырады. Ауылдық мектептерді мұғалімдермен қамтамасыз ету мәселесі де маңызды болып отыр, оларға тұрғын үй құрылысын салу және мектепке дейінгі балалар мекемелеріне мамандардың жетіспеушілігіне байланысты жоғары оқу орындарында мамандар даярлау мақсатында қосымша білім гранттарын бөлу туралы ұсыныс айтылды. Ардагерлер ұйымдарының өкілдері «Ардагерлер туралы» заңды қабылдау қажеттігі, сондай-ақ соғыс жылдарында туған азамататтар үшін «Соғыс балалары» мәртебесін беру туралы мәселе көтерді.
_________________________________________________________
Сенат
Ақпарат көзі: 
http://www.parlam.kz/kk/senate/press-center/article/35562
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты

Бөлісу