Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенаттың жалпы отырысында «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы қаралды. Палата отырысына Үкімет мүшелері қатысты.

25.11.2019 0

Сенаттың жалпы отырысында «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы қаралды. Палата отырысына Үкімет мүшелері қатысты.

Өз баяндамасында Ольга Валентиновна Перепечина келесіні атап өтті.

Сенаторлар бюджет жобасын талқылау барысында еліміздің негізгі қаржы-экономикалық заңына 85 түзету мен толықтыру ұсынған болатын. Олардың 44-і қабылданды.

Түзетулер бірінші кезекте аймақтарды дамытуды ынталандыруға және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту шараларына қатысты болды.

Балаларға, көп балалы отбасыларға, мүгедектерге берілетін жәрдемақыны арттыруға, бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын ұлғайтуға, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын салуға бөлінетін әлеуметтік сала шығындары 5,7 трлн теңге немесе 45%-ға жуық болып отыр.

Өңірлердегі кезекте тұрғандардың жер телімдерін алуына орай «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының шараларын қаржыландыру аясында инфрақұрылым құрылысына арналған қаржыға байланысты бірқатар түзетулер ұсынылды.

Сонымен қатар, жоғарғы палатаның жалпы отырысында шалғайдағы елді мекендерде сумен жабдықтау жүйесін салу және қайта құру, сондай-ақ Аймақтарды дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы шараларды жүзеге асыруға қатысты түзетулер талқыланды.

Сенат Төрағасы Д.Назарбаева өз сөзінде барлық деңгейдегі бюджет шығындарын бақылай алу үшін Есеп комитетін, аймақтардағы мәслихаттарды және есеп комиссияларын кадрмен және ұйымдастыру саласы бойынша қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Депутаттар сондай-ақ кірістер мен шығыстардың жалпы көрінісімен танысу үшін Сенатқа облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар бюджеттерінің жобалары ұсынылғаны жөн екені айтылды.

«Республикалық бюджет комиссиясы өтінімдерді өздері қарай береді, ал бюджет комиссиясының жұмыс тобының жалғыз отырысына Парламент депутаттарының қатысуы формальды түрде қатысумен шектеледі. Үкіметтің назарын осы мәселелерге аудара отырып, жақын арада тиісті шаралар қабылдауды ұсынамыз», - деді ол.

Парламент Сенатының жалпы отырысының қорытындысы бойынша депутаттардың республикалық бюджет жобасына енгізген түзетулері Мәжіліске жіберілді.

Бөлісу