Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенаторлар халықаралық құжатты қарады

24.12.2019 0

Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Кипр Республикасының Үкіметі арасындағы табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

Конвенция мен Хаттаманың мақсаты инвестицияларға қолайлы жағдайлар жасау арқылы Қазақстан мен Кипр Республикасы арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту және кеңейту болып табылады.

Конвенция мен Хаттама екіжақты халықаралық шарт болып табылады және қосарланған салық салуды жою мақсатында жасалды. Уағдаласушы мемлекеттердің әрқайсысы сол мемлекеттердің бірінде салық төлеушіге тек бір рет қана салық төлеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Өзге мемлекет оған төленген салық сомасын есепке алады немесе салық салынатын жиынтық табыстан басқа мемлекетте салық салынған бөлігін алып тастайды.

Конвенцияда табыстың пайда болу көзі болған мемлекетте дивидендтерге, пайыздарға және роялтиге тиісінше төмендетілген ставкалар бойынша салық салынуы мүмкін ережелер көзделіп отыр.

Конвенцияға Хаттамада ақпарат алмасуға қатысты қосымша ережелер қарастырылып отыр.

Құжат Палатаның қарауына берілді.

Бөлісу