Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенаторлар Екінші Еуразиялық әйелдер форумына қатысты

24.09.2018 0

 

Сенаторлар Екінші Еуразиялық әйелдер форумына қатысты

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Дариға Назарбаева, Бірғаным Әйтімова және Ольга Перепечина Санкт-Петербург қаласында өткен Екінші Еуразиялық әйелдер форумына қатысты. Еуразиялық әйелдер форумы – заманауи қоғамда әйелдердің алатын орнын талқылауға арналған беделді халықаралық ірі алаң. Форум әлемдегі өзекті мәселелерді шешу мен адамгершіліктің жалпыға бірдей құндылықтары, құқықтары мен абыройы негізінде сенім мен өзара түсіністікті нығайту мақсатында басшы әйелдердің ынтымақтастығын күшейту мен дамытуға бағытталған. Форум ұйымдастырушылары – Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесі мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдерінің Парламентаралық Ассамблеясы. Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева форум аясында Ресей Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен, Федерация Кеңесі Халықаралық істер комитетінің төрағасы Константин Косачевпен, Беларуссия Ұлттық Жиналысы Республика Кеңесі төрағасының орынбасары Марианна Щеткинамен, Армения премьер-министрінің жұбайы Анна Акопянмен кездесті. Кездесу барысында парламенттік дипломатия ынтымақтастығын одан әрі дамыту, сондай-ақ әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтудің өзекті мәселелері талқыланды.
_________________________________________________________
Сенат
Ақпарат көзі: 
http://www.parlam.kz/kk/senate/press-center/article/36245
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты

Бөлісу