Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

02.05.19 ж. - Бюджет заңнамасын жетілдіру жөніндегі Кеңестің бірінші отырысына қатысу

03.05.2019 0

 

02.05.19 ж. -  Бюджет заңнамасын жетілдіру жөніндегі Кеңестің бірінші отырысына қатысу

02.05.19 г. -  Участие в первом заседании Совета по совершенствованию бюджетного законодательства

Сенатта жаңа консультативтік-кеңесші орган – Бюджет заңнамасын жетілдіру жөніндегі кеңес құрылды

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 11-бабына сәйкес Парламент Сенатында жаңа консультативтік - кеңесші орган-Бюджет заңнамасын жетілдіру жөніндегі кеңес құрылды. Кеңес құрамына Сенат депутаттары, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова, ұлттық экономика министрі Р.Дәленов, қаржы министрінің бірінші орынбасары Б.Шолпанқұлов және басқалар енді. Кеңестің негізгі міндеттерінің бірі бюджет процесінің тиімділігін арттыру, бюджетті қалыптастыру үдерістерін қайта қарау, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ бюджет үдерістеріне барлық қатысушылармен Парламенттің өзара іс-қимылын күшейту жөніндегі мәселені қарау болып табылады. Бүгін Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен Кеңестің бірінші отырысы өтті. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов сенаторларға осы саланы жетілдіру жоспарлары туралы айтып берді. Олардың ішінде стратегиялық жоспарлаудың жаңа нысандарын енгізу, жұмсалған шығыстардың экономикалық қайтарымын бағалау, өңірлердің дамуын ынталандыру үшін бюджеттік қатынастарды жетілдіру тақырыптары бар. Сенат Төрағасы аймақтардың салалық ерекшеліктерін ескере отырып, шағын және орта бизнесті дамытуға, өңірлердің «мұқтаждық картасын» әзірлеуге, бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланғаны үшін қылмыстық жауаптылықты бірге ала отырып, жауапкершілікті күшейтуге, есеп комитетінің рөлін нығайтуға, халықты жұмыспен қамту бағдарламасын қайта құруға, бюджет жылын қайта қарауға бағытталған бірқатар сын-ескертпелер мен ұсыныстар айтты. Дариға Назарбаева Ұлттық экономика министрлігіне 17 маусымға дейін кеңес отырысы барысында айтылған ұсыныстарды ескере отырып, бюджет заңнамасын жетілдіру жөніндегі шараларды іске асыру жөніндегі Жол картасының жобасын әзірлеуді ұсынды. Ол үшін арнайы жұмыс тобы құрылды.
_________________________________________________________
Сенат
Ақпарат көзі: 
http://www.parlam.kz/kk/senate/press-center/article/39813
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты

В Сенате образован новый консультативно-совещательный орган - Совет по совершенствованию бюджетного законодательства

В соответствии со статьей 11 Конституционного закона Республики Казахстан «О Парламенте Республики Казахстан и статусе его депутатов» в Сенате Парламента образован новый консультативно-совещательный орган - Совет по совершенствованию бюджетного законодательства. В состав Совета вошли депутаты Сената, Председатель Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета Наталья Годунова, министр национальной экономики Р.Даленов, первый вице-министр финансов Б.Шолпанкулов и другие. Одними из основных задач Совета являются выработка рекомендаций по повышению эффективности бюджетного процесса, пересмотру процесса формирования бюджета, совершенствованию межбюджетных отношений, а также рассмотрение вопроса по усилению взаимодействия Парламента со всеми участниками бюджетного процесса. Сегодня под председательством Дариги Назарбаевой состоялось первое заседание Совета. Министр национальной экономики Руслан Даленов рассказал сенаторам о планах по совершенствованию данной сферы. Среди которых: внедрение новых форм стратегического планирования, оценка экономической отдачи от завяленных расходов, совершенствование бюджетных отношений для стимулирования развития регионов. Председатель Сената высказала ряд критических замечаний и предложений, направленных на развитие малого и среднего бизнеса с учетом специализации регионов, разработку «карты нужд» регионов, усиление ответственности за неэффективное использование бюджетных средств, включая уголовную ответственность, укрепление роли Счетного комитета, переформатирование программы занятости населения, пересмотр бюджетного года. Дарига Назарбаева предложила министерству национальной экономике до 17 июня разработать проект дорожной карты по реализации мер по совершенствованию бюджетного законодательства с учетом предложений, высказанных в ходе заседания Совета. Для этого создана специальная рабочая группа.
_________________________________________________________
Сенат
Источник: 
http://www.parlam.kz/ru/senate/press-center/article/39812
Сенат Парламента Республики Казахстан

Бөлісу