Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

21.05.2018 ж. – 2018 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет пен Есеп комитеті есептерінің таныстырылымын жүргізді.

22.05.2019 0

21.05.2018 ж. – 2018 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет пен Есеп комитеті есептерінің таныстырылымын жүргізді.

2018 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет пен Есеп комитетінің есептері таныстырылды

Бүгін Сенатта 2018 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет пен Есеп комитетінің есептері таныстырылды. Шараға Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева қатысты. Премьер-министрдің бірінші орынбасары, қаржы министрі Әлихан Смайылов таныстырылым барысында баяндама жасады. 2018 жылы Жалпы ішкі өнім өсімі 4,1 пайызды құрады. Кірістер 8 789 млрд. теңге сомасында түсті. Шығыстар 9 637 млрд.теңге немесе 99,8% деңгейінде орындалды. Инвестициялау және тұтыну саласындағы жоғары сұраныстар, сондай-ақ экономиканың базалық салаларындағы белсенді өндіріс экономикалық өсудің негізгі көріністері болды. Негізгі капиталға инвестиция көлемі 17,2 пайызға өсті. «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларын, индустриялық-инновациялық даму, агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламаларын іске асыру өсіп-өркендеуге ықпал етті. Мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындауға арналған шығыстар толық көлемде орындалды. Зейнетақы төлемдерінің көлемі 8 пайызға ұлғайды. Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова Үкіметтің есебі бойынша қорытынды сөз сөйледі. Ол 2018 жылы бюджет бойынша олқы шешімдер салдарынан 138 млрд. теңгенің тиімсіз шығыстарына тап болғанына назар аударды, бұл 2017 жылға қарағанда 3,7 есе аз. Оның 26 млрд. теңгесі қаржылық тәртіп бұзушылықтарға тиесілі болып отыр. «Мемлекеттік ресурстардың тиімсіз жұмсалуының нәтижесінде бюджет қаржысының экономика өсіміне қосымша мультипликативтік әсер ету мүмкіндігі жойылды. Аудит қорытындысы бойынша анықталған қаржылық тәртіп бұзушылықтар сомасы 100 пайызы өтеліп, қалпына келтірілсе де, жіберілген тәртіп бұзушылықтар үшін жеке жауапкершілік мәселесі өзекті болып қала береді», - деді ол. Үкімет пен есеп комитетінің 2018 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есептерін талқылау Сенатта қызу пікірталас тудырды. Сенаторлар бюджет процесін жетілдіруге, шағын және орта бизнесті қолдауға, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, ауыл шаруашылығын қолдауға, салықтық және кедендік әкімшілендіруді жақсартуға бағытталған өз ұсыныстары мен ескертулерін айтты. Сенатор Дәурен Әділбеков шағын және орта бизнесті несиелеу деңгейінің – Жалпы ішкі өнімнің 22 пайызына төмендеуіне алаңдаушылық білдірді. Сенатор Ұлттық банк өкілдеріне «Экономиканың тұтынушылық емес, нақты секторын несиелендірудің келешегі қандай?»,- деп сауал қойды. Салық пен өтелуге жататын сомалардың айтарлықтай артық төлеуіне байланысты жағдай да сенаторды алаңдатып отыр. «Артық төленген сома 2 триллион теңгені құрады, төленбеген ҚҚС - 284 миллиард, бұл республикалық бюджеттің кіріс бөлігіне салық түсімдерінің 40 пайызы. Жалпы бұл күрделі көрсеткіш. Біз мұны қалай жіберіп алдық, қалай жеткіздік, маған бұл түсініксіз болып отыр. Өйткені, 2 триллионды жабу үшін бір жыл жетпейді. Демек, біз 2019 жылы 2020 жылды аламыз, 2020 жылы 2021 жылы көрейік», - деді сенатор. «Екінші жағынан, есеп бойынша, 2017 жылы ЖІӨ өсімі 4 пайызды, 2018 жылы - 4 пайызды құрады. Бұл жерде сұрақ туындайды: онда кірістеріміз қайда және бұл жағдайдан қалай шығамыз? Біз аванс төлемдерін қалай өтейміз?». Нұрлан Қылышбаев мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялау мәселелеріне назар аударды. Сенатордың пікірінше, субсидиялау ережесіне жиі өзгерістер енгізу осы саланың дамуын қиындатады, бизнесті жоспарлау кезінде агроөнеркәсіп үшін ауыртпалық туғызады. «2017 жылы ғана ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау және дамыту ережесіне үш рет, содан кейін 2018 және 2019 жылдары өзгерістер енгізілді», - деді депутат. Сенатор Әли Бектаев мүгедектерді әлеуметтік қорғауға байланысты бірқатар мәселелерді атап өтті. Бұл мәселелерді шешуге бюджеттен үлкен қаражат бөлінеді, алайда мүмкіндігі шектеулі адамдар жұмысқа орналасу, оңалту, арнайы жабдықтардың жетіспеушілігі және тағы басқа өзекті мәселелерге тап болуда. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар әзірленіп жатқанын айтты. Үкімет пен Есеп комитетінің Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін талқылау жұмыс топтары мен комитеттердің отырыстарында жалғасатын болды. 31 мамырда қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысы өтеді.
_________________________________________________________
Сенат
Ақпарат көзі: 
http://www.parlam.kz/kk/senate/press-center/article/39854
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты

Бөлісу