Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша қаржы және бюджет комитетінің отырысы

11.09.2019 0

2019 жылғы 11 қыркүйек күні Қаржы және бюджет комитеті келесі Заң жобаларын талқылау бойынша комитет отырысын өткізді:

 

1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».

Аталған заң жобасын талқылауға ҚР Бірінші вице-минстрі – Сапаров Айдарбек Сейпілұлы және Қаржы және Ұлттық экономика министрліктерінің жауапты қызметкерлері қатысты.

Бірінші вице-министр А. С. Сапаров өз баяндамасында заң жобасын әзірлеудің мақсаты агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру, су, балық шаруашылықтары мен жануарлар әлемін тұрақты дамыту болып табылатынын атап өтті.

Жалпы заң жобасы 13 кодекс пен 29 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырады.

Талқылау барысында депутаттар мемлекеттік орман қорындағы жер учаскелерін жалға беру, Қылмыстық кодекс бойынша азаматтығы жоқ адамдарды шығарып жіберу, ауыл шаруашылығындағы сақтандыру және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің субсидия алу, Республикалық маңызы бар қалаларда көтерме-бөлу орталықтарын құру, Жер кодексіне өзгерістер туралы мәселелер талқыланды, кесте талқыланды.

Заң жобасын талқылау қорытындысы бойынша Комитет салыстырмалы кестені Бас комитетке жіберу туралы шешім қабылдады.

Бөлісу