Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті өз отырысын өткізді, онда келесі мәселе талқыланды:

29.05.2020 0

Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері.

Баяндамашы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Шолпанқұлов Берік Шолпанқұлұлы;

Баяндамашы - Қазақстан Республикасы есеп комитетінің мүшесі Плотников Константин Федорович;

Қосымша баяндамашы - Комитет Мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Мамытбеков Еділ Құламқадырұлы.

Күн тәртібін қарау барысында депутаттармен әзірлеушілерге келесі мәселелер бойынша сұрақтар қойылды.: «Проммашкомплект» ЖШС қызметтері; дефолтты болдырмау үшін Үкіметпен қабылданылатын шаралар; квазимемлекеттік секторды ұстауға арналған қаражат; бюджетті оңтайландыруға бағытталған Парламенттің ұсынымдарын орындау; салынған бюджет қаражатының тиімділігі; орындалмаған және ішінара орындалған бюджеттік іс-шараларды бағалау; экспорттаушыларды қолдау; төлем балансы; 2025 Бизнестің Жол картасын іске асыру және орындамау тәуекелдері; көлік салаларын және олардың субъектілерін электрмен жабдықтау мониторингі; инвестициялық жобалардың мониторингісін жүргізетін уәкілетті орган; өңдеу өнеркәсібі үлесінің өсуін қамтамасыз ету; МЖӘ жобалары бойынша мемлекет берешегінің өсуі; елдің кейбір өңірлерін ауыз сумен қамтамасыз етудің төмендігі; банктердің бюджет қаражатының активтеріне салған қайтаруы; Қызылорда шыны зауытының қызметі; «Бюджеттегі қауіпсіз аймақ» түсінік туралы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін талқылау қорытындылары бойынша Комитет  есептерді мақұлдау туралы шешім қабылдады.

Бөлісу