Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде басқару тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы»

03.04.2019 0

                                                       

                                                                                             

                                                                       Комитеттің  кеңейтілген отырысы

                                                                                                      03.04.2019 ж.

 

 

Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде басқару тәртібі туралы келісім 2017 жылғы 11 желтоқсанда Мәскеуде өткен Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің отырысында жасалған.

            Келісім Еуразиялық кеңестіктегі авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде басқарудың келісілген тәртібін қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ, Келісім одақ аумағында құқықтарды ұжымдық басқару арқылы авторлардың мүліктік құқықтарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жалпы айтқанда, Келісімді ратификациялау зияткерлік меншік объектілерінің құқықтарын қорғау саласындағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасын үйлестіруге ықпал ете тұра, осы саладағы ынтымақтастықты халықаралық құқықтың жалпыға танылған қағидаттары басшылығымен жаңа деңгейге көтереді. 

            «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес Келісім ратификациялануға тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

Бөлісу