Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялау туралы»

20.02.2020 0

1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы екінші хаттамаға ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшыларымен 2018 жылғы 8 қарашада Астанада қол қойылды. 

Өзгерістер Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарттың 3 және 6-баптарына енгізілді. Олар Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің құрамына ҰҚК құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға өкілеттіктер берілген мүше мемлекет үкіметінің басшысына кіруге мүмкіндік береді. Бұл Армения Президентінің сыртқы саясат және қорғаныс саласындағы негізгі өкілеттіктері мемлекет Үкіметі мен Премьер-министріне өтуді көздейтін парламенттік басқару нысанына  ауысуына байланысты (2018 жылдың сәуірден бастап).

Заң жобасын қабылдау теріс экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, экологиялық салдарға әкеп соқпайды және республикалық бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді.

Бөлісу