Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялау туралы»

20.02.2020 0
   

2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы екінші хаттамаға ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшыларымен 2018 жылғы 8 қарашада Астанада қол қойылды. 

Өзгерістер ҰҚШҰ Жарғысының 13-бабына енгізіледі. Олар Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің құрамына ҰҚК құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға өкілеттіктер берілген мүше мемлекеттің үкімет басшысына кіруге мүмкіндік береді. Бұл Армения Президентінің сыртқы саясат және қорғаныс саласындағы негізгі өкілеттіктері мемлекеттің Үкіметі мен Премьер-министріне өтуді көздейтін парламенттік басқару нысанына ауысуына байланысты (2018 жылғы сәуірден бастап).

Заң жобасын қабылдау теріс экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, экологиялық салдарға әкеп соқпайды және республикалық бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді.

Бөлісу