Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде Заң жобалау қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мүшесі ретінде қатысып, бірнеше мәселелер бойынша сауалдар мен ұсыныстар айтты

10.09.2019 0

Ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде Заң жобалау қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша комиссия мүшесі, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Н. Бекназаров қатысып, бірнеше мәселелер бойынша сауалдар мен ұсыныстар айтты. Атап айтқанда:

«Теміржол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы шеңберінде қазіргі уақытта орын алып отырған жол билеттерінің тапшылығы, бағасының қалыптасуы мен тарифтерге қатысты проблемалар қашан түбегейлі шешілетіні бойынша сауал қойып, осы бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы БАҚ арқылы азаматтарды хабардар ету қажеттігін нақты ұсынды.

Қазіргі қоғаммен биліктің арасындағы байланысқа қатысты және әлеуметтік жағынан да маңыздығын атап өтті.   

Бөлісу