Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенат депутаты Н.Қ. Бекназаровтың жетекшілігіменен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасын талқылау бойынша жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

14.09.2019 0

Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Сенат Парламентінің Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы  Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылау бойынша Сенат депутаты Н.Қ. Бекназаровтың жетекшілігіменен жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

         Жұмыс тобында аталған заң жобасына қатысты бірнеше мәселелер қаралды, атап айтқанда: митингілер, шерулер, жиындар өткізудегі кәмелетке толмағандарды қатыстырудағы әкімшілік жауапкершілік туралы, мәдениет саласындағы қазыналық мекемелердің қызметіне және жұмысына қатысты, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының тікелей бағыныстағы қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлыққа заң бұзушылықтағы жауапкершілігі т.б. өзгертулер мен толықтырулар талқыланды.

Бөлісу