Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

ҚР Парламент депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Дархан Сатыбалды Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесті.

04.03.2019 0

 

ҚР Парламент депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Дархан Сатыбалды Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесті.

Кездесуде басты тақырып әлеуметтік салаға қатысты болып, Елбасы айтқан көпбалалы отбасылардың балаларына төленетін жәрдемақыны алу жолдары егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сенаторлар әрбір тұрғынның мәселесін жеке-жеке тыңдап, тиісті сала басшыларына міндеттер жүктеді. Сондай-ақ, жиынға қатысқан атқарушы орган басшылары мен мәслихат депутаттарына осы бағытта кешенді шараларды іске асыру үшін жұмыла жұмыс істеуге шақырды.

Кездесуге қала тұрғындарымен қатар мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев, экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Нұрғазы Бұхарбаев, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ғалымжан Балтаев және БАҚ өкілдері қатысты.

 

Бөлісу