Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ҚР Парламенті сенатының депутаттары Н.Бекназаров және Д.Сатыбалды Шымкенттегі Сәуле шағынауданындағы №129 мектептiң тыныс-тiршiлiгiмен танысты.

05.03.2019 0

ҚР Парламенті сенатының депутаттары Н.Бекназаров және Д.Сатыбалды  Шымкенттегі Сәуле шағынауданындағы №129 мектептiң тыныс-тiршiлiгiмен танысты.

 

Сенат депутаттары білім ордасындағы қауiпсiздiк жүйелерi, асхана, кітапхана, спорт, мәжiлic залын аралап көрдi. Сондай-ақ, ағарту саласындағы маңызды проблемалар, мұғалiмдердiң жалақысы мәселелерiнен хабардар болды.

— Білім саласындағы жасалынып жатқан өзгерістермен реформалар білім деңгейін көтеруге бағытталған. Негізгі мақсат — қандай өзгеріс болса да білім сапасын жоғары ұстау қажет. Бұл мектептің асханасы жақсы екені көрініп тұр. Балалар еліміздің болашағы. Мектеп асханасын сіздер, яғни мектеп басшылығы қадағалау керек, — деді Нұрлан Құдиярұлы.

Кездесу соңында сенаторлар мектептің тілек дәптеріне өздерінің ыстық лебіздерін жазып, оқушыларға сабақтарын үздік оқуға шақырды. 

Бөлісу