Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

«Тарихи-мәдени мұра обьектілерін қорғау және пайдалану туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобаларын талқылау бойынша Комитет отырысында қосымша баяндама жасады

27.11.2019 0

Құрметті әріптестер және

шақырылған лауазым иелері!

 Бүгінгі Комитеттің күн тәртібіне енгізілген «Тарихи-мәдени мұра обьектілерін қорғау және пайдалану туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Заңдарының жобалары ұсынылып отыр.

Бұл екі заңының жобасы бір-бірімен тығыз болуына байланысты, бір баяндамада жасауға рұқсат етіңіздер.

«Өткен» дегеніміз тарих, өз халқының тарихын қастерлеп сыйлаған азаматтың болашағы нұрлы жарқын болатынына ешкім күмән келтірмес.

Тәуелсіз Қазақстанды әлем елдеріне таныту үшін, келешек ұрпаққа мұрағат етіп қалдыру үшін, оның тарих қойнауында жатқан бай мұраларын ашып көрсету қажет, бұл жолда көптеген жұмыстар жасалып жатыр, оған дәлел бүгін қарастырылып отырған заң жобалары.

Ата заңымыздың 37-бабында Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті - деп көрсетілген.

Заң жобалары аясында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу мәселесіне қатысты, жеке меншіктегі тарихи-мұра объектілерінің сақталуы, олардың күтілуіне қатысты, тарих және мәдениет ескерткіштерінің  мәртебесін айқындауды реттеу, ғылыми-ревтаврациялау жұмыстарын жүргізу үшін лицензия алуға біліктілік талаптарын күшейту, жеке және заңды тұлғалардың міндеттері мен жауапкершілік сұрақтары өз шешімдерін тапты.

Сонымен қатар, ілеспе заңға сәйкес балет өнеріндегі әртістерді әлеуметтік қолдау өз орнын тауып отыр.

Жалпы заң жобаларының мақсаты тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғауды және пайдалануды оларды қайта жаңғыртуды, сақтауды, кеңінен танытуды қамтамасыз ету болып табылады.

Заң жобалары бойынша Заң бастамашыларымен, министрліктердің және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобының отырысы өткізілді және жан-жақты талқыланды.

Комитет мүшелерінен заң жобасы бойынша ұсыныстар келіп түскен жоқ.

Алайда, Заң жобалары бойынша ұсыныс бар,
салыстырмалы кесте алдарыңызға таратылған, сол ұсынысты қарауға көшсек.

Назарларыңызға рахмет!

Бөлісу