Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жинау және өңдеу» тақырыбы бойынша Үкімет сағатында сауалдар мен ұсыныстар айтты

28.11.2019 0

Ағымдағы жылдың 28 қарашасында «Тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жинау және өңдеу» тақырыбы бойынша Үкімет сағаты өтті.

Күн тәртібінде қаралған тақырып бойынша ҚР Парламенті Сенатының депутаты Н. Бекназаров қатысып, аталған мәселелер бойынша сауалдар мен ұсыныстар айтты. Атап айтқанда:

1. Тарифтерге қатысты еліміз бойынша 2017 – 2018 жылдары барлық үлкен қалалардағы мәслихаттар тариф қабылдаған. Сондықтан пысықтау мәселесін қоятын болсақ, әрине белгілі ғой, қай сала болсын тарифке қатысты нәрсеге келген кезде еш уақытта төмендету мәселесі көтерілмейді. Әрине, пысықтаған сайын тариф көтеріле береді. Сондықтан қазіргі жағдайды ескере отырып, осы бөлімге қосымша пысықтау мәселесіне қатысты айналысатын органдармен мәслихаттарға жүктеп, ыждағаттықпен қарамасақ, тарифті көтеру мәселесі қазіргі жағдайда азаматтарымыздың тарапынан негізсіз, түсініксіз сауалдар тудыруы мүмкін. Осыған абайлап қарау туралы ұсынысы.

2. Министр Мағзұм Маратұлына қойған сұрағы - қазіргі уақыттарда инвестор тарту мәселесі бойынша, болмаса қайта өңдеу зауыттары кәсіпорындарын көбейту бойынша бізде жаңа айтылған екі-үш қаладан басқа қосымша қалаларда салу жоспары туралы.

3. Салынатын қайта өңдеу зауыттары, кәсіпорындары қаланың сыртында болады. Оған ешқандай инвестор да келмейді, басқа да оған қызығушылық танытпайды. Жоба инфраструктура тарту мәселесін жергілікті әкімдерге жүктеп отырмыз. Жергілікті әкімдердің оған шамасы келмейді. Шындықты мойындау керек. Сондықтан орталықтан оған нақты жобалар жасалынып, қажеттілікке байланысты жоспарды түзеу керек деп ойлаймын. Жеке кәсіпкерлік мемлекетімізде көп, әсіресе білім беру саласы мен медицинада өзінің нәтижесін беріп жатыр. Қаулы немесе заң қабылданатын болса осыны да назарға алып, қарау мәселелері туралы айтылды.

Бөлісу