Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор Ғ. Дүйсембаев Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның Сочиде өткен он бірінші сессиясына қатысты.

27.11.2017 0

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Сергей Громов бастаған қазақстандық депутаттар делегациясы Қазақстан Республикасы

Парламентінің Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің арасындағы ынтымақтастық жөніндегі

комиссияның Сочиде өткен  он бірінші сессиясына қатысты . Бұл комиссия екі елдің Жоғары заң шығарушы органдарының жоғарғы

палаталары арасындағы ынтымақтастық туралы келісімнің шеңберінде жұмыс істейді. Сенат вице-спикері сөзінде Қазақстан мен Ресей

өңірлерінде осы форматтағы кездесулер өткізу тәжірибесі айтарлықтай нәтижелер береді, деп атап өтті. «Біздің Атырау, Омбы, Орал

 қалаларындағы кездесулеріміз екіжақты байланыстарда шешілмеген мәселелерді байқауға және оларды шешу үшін шұғыл шаралар

қабылдауға мүмкіндік береді», - деді С.Громов. Биылғы жылы Қазақстан мен Ресей дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығын атап

өтеді. Осы уақыт ішінде Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы тату көршілік, одақтастық және стратегиялық әріптестік рухында дамып келеді

, деп атап өтті Сенат Төрағасының орынбасары. Ол Ресей тарапын Астана қаласында өткен халықаралық іс-шаралар: ЭКСПО-2017

көрмесі мен МАГАТЭ төмен байытылған уран банкінің ашылу рәсіміне қатысқан, сондай-ақ, «Астана клубының» үшінші отырысының

жұмысын қолдағаны үшін алғысын білдірді. Кездесу барысында Ынтымақтастық комиссиясының оныншы отырысы шешімдерінің орындалуы

 барысы мәселелері талқыланды. Аталған тақырыпта есеп беру баяндамасын Ғұмар Дүйсембаев жасады. Депутат өз сөзінде барлық көтерілген

сұрақтар бойынша қазақстандық жағында атқарылған іс-шараларға толықтай тоқталып, қабылданған шараларды жеткізді. Отырысты

қорытындылай келе, Комиссияның ресей жағынан Тең төрағасы И. Умаханов баяндаманың сапалығына назар аударып, өз тарапынан

Ғ. Дүйсембаевқа алғысын айтты. Комиссия жұмысына сондай-ақ,  сенаторлар Жеңіс Нұрғалиев Серік Бектұрғанов, , Талғат Мұсабаев,

Сергей Плотников, Ерік Сұлтанов қатысты.

Бөлісу