Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Батыс Қазақстан облысының Аксай қаласының Қала күні мерекесіне орай жолдаған сенатор Ғ. Дүйсембаевтың сөзі

21.09.2018 0

                          Батыс Қазақстан облысы

Бөрлі ауданының әкімі

С.Ж. ӘЛИЕВКЕ

 

 

Құрметті Санжар Жұматайұлы!

 

 Бүгінгі Қала күні мерекесімен Бөрлі ауданының орталығы Ақсай қаласының барлық тұрғындарын Сіз арқылы   шын жүректен құттықтаймын!

 Негізі қаланғанына жарты ғасырдан астам тарихы бар қала - экономикасы дамыған, келбеті көркейген,  сәулетті де дәулетті қонысқа айналды.

Әсіресе тәуелсіздік жылдарында жүргізілген саясат негізінде  тұрақты экономикалық өсім мен жоғары әлеуметтік стандарттарды қамтамасыз етіліп, тиімді инвестициялық климат қалыптасты. Нақты іс-шаралар қолға аланып, үлкен өндіріс орындары ашылып, қосымша жұмыс көздері пайда болды.

Моноқалаларды дамытуға арналған бағдарлама аясында Ақсайда ауқымды істер атқарылып, жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді.  Осындай қаланың көркейіп дамып, көкжасыл баққа орануына  әрбір тұрғынының қосқан үлесі бары сөзсіз.

Халықының достығы нығайып, ынтымағы жарасқан, кемел Ақсай қаласының келешекте шексіз игілікке кенеле беруіне тілектеспін!

 

Қазақстан Республикасы

Парламенті Сенаты депутаты

Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВ

Бөлісу