Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау туралы»

16.01.2019 0

2019  жылғы 16 қаңтар

 

Құрметті әріптестер және шақырылғандар!

Бүгінгі күні ратификациялауға ұсынылып отырған Конвенцияның басты мақсаты суын, түбін, жер қойнауын, табиғи ресурстарын және теңіз үстіндегі әуе кеңістігін қоса алғанда, Каспий теңізін пайдалануға қатысты Тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындау және реттеу.

 Негізгі баяндама  ауқымды, жан - жақты қамтылған, заң жобасына толықтай түсініктеме берілгендігін  атап өткен жөн.

Осы заң жобасы бойынша жұмыс тобының  отырысы  өткізілді. Барысында туындаған сұрақтарға құжатты  дайындаушылардың  тарапынан жауаптар берілді.   Комитет мүшелерінен  ұсыныстар мен ескертулер болған жоқ.

 Заң жобасының қорытындысын бас комитеттің қарауына өзгеріссіз  жіберуді ұсынамын. 

Назарлаңызға рахмет!

 

Бөлісу