Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

06.02.2019 0

2019  жылғы 6 ақпан

 

Құрметті әріптестер және шақырылғандар!

Бүгінгі Елбасының ұсынуымен енгізіліп отырған  екі заң жобасы   мемлекетіміздің құқықтық кеңістігін күшейту, азаматтардың құқығын қорғауда әділдіктің шынайы құндылығына айналып сот ісінде ізгілікті орта қалыптастыру мақсатында жасалып отыр. Сот билігі мемлекетіміздің басқа конституциялық билік тармақтарынан тәуелсіз екендігіне қоғамның сенімі орнығуы маңызды. Сот қызметкерлерін таңдау,  іріктеу оларды кәсіптілік дайындылығына, біліктілігіне сәйкес орналастыру арқылы осы саладағы реформалар процесін тереңдете түседі, еліміздің сот жүйесін  халықаралық стандарттар дәрежесіне жеткізуді көздейді.

Негізгі баяндамашы өз сөзінде   енгізілетін өзгерістерге толықтай тоқталып,  түсініктеме беріп өтті.

Осы заң жобасы бойынша жұмыс тобының  отырысы  өткізілді.  Комитет мүшелерінен  ұсыныстар мен ескертулер болған жоқ.

 Ұсынылып отырылған түзетулер қоғам үшін ең маңызды міндет судьялардың нақты тәуелсіздігін және соттың әділ шешімдерін қамтамасыз етуді мақсат ететін ескере отырып, Заң жобаларының қорытындысын бас комитеттің қарауына өзгеріссіз  жіберуді ұсынамын. 

Назарлаңызға рахмет!

Бөлісу