Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Каспий теңізінде тосын оқиғаларды болғызбау туралы келісімді ратификациялау туралы»

17.04.2019 0

2019  жылғы 17 сәуір

 

Құрметті әріптестер және шақырылғандар!

Каспий теңізінде тосын оқиғаларды болғызбау туралы келісімді ратификациялау туралы ұсынылып отырған заң жобасы Теңізде соқтығысты болдырмау туралы 1972 жылғы халықаралық ережелерге сәйкес Каспий маңындағы бес мемлекеттің әскери кемелеріне ұшу қауіпсіздігі мен ұшу аппараттардың қауіпсіздігі мәселелерін нақты анықтайды.

Бүгінгі күні ратификациялау жөніндегі жұмыстарды Ираннан басқа төрт мемлекет (Әзербайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы мен Түркіменстан) аяқтады.

Каспий теңізінде тосын оқиғаларды болғызбау туралы келісім Каспий маңы мемлекеттері арасындағы әскери корабльдер мен әуе кемелерінің іс-қимылын реттеуді  заңды түрде міндеттейтін алғашқы құжат болып табылады. Сол себепте Келісімнің өте қажеттілігі мен маңыздылығын ескере отырып, заң жобасы бойынша оң қорытындыны бас комитеттің қарауына өзгеріссіз  жіберуді ұсынамын. 

Назарлаңызға рахмет!

 

 

Бөлісу