Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасы

10.09.2019 0

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын реформалау мақсатында әзірленді.

Заң жобасы келесі негізгі мәселелерді шешуге бағытталған:

«Бір үй - бір бірлестік - бір шот» қағидаты бойынша «мүлік иелерінің бірлестігі» коммерциялық емес ұйымының жаңа нысанын құру жолымен басқару органдарының қызметін реттеу.

Бұл ретте, пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың иелері көппәтерлі бір тұрғын үйде заңды тұлға болып табылатын мүлік иелерінің бірлестігін құрғысы келмеген жағдайда, барлық пәтерлер мен тұрғын емес үй жайлардың иелері заңды тұлға құрмай көппәтерлі тұрғын үйді тікелей бірлесіп (қарапайым серіктестік) басқара алады.

Ұсынылып отырған принцип әрбір үйді басқару бойынша жеке тәсілді көздейді. Мүлік иелерінің әрбір бірлестігі өздерінің ағымдағы және жинақ шоттарын ашатын болады.

Аталған шара пәтер иелері кооперативтері және басқарушы компаниялар тарапынан қызметтер мен тарифтерді тұрғындарға күштеп таңуды жоюға мүмкіндік береді және тұрғындардың қаражатын ашық жұмсалуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ тұрғындарға басқару тәсілін, яғни ездерінің басқару органдары немесе басқарушы компаниялар арқылы таңдау құқығын жасауға мүмкіндік береді, басқарушы компаниялар келісім-шарт негізінде тартылатын болады.

 

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізудің жаңа тетігін енгізу.

Бұл тұрғындарға қаражаттың түсуін және осы ақшаның мақсатты жұмсалуын мониторингілеу мүмкіндігімен өз үйлерін ғана күрделі жөндеуге қаражат жинауға мүмкіндік береді. Күрделі жөндеу жүргізуге қаражат жинаудың және жеңілдетілген қарыз алудың механизмі әзірленді.

Бұл схемаға жергілікті атқарушы органдар да қатысады, олар басқару органының өтініші бойынша күрделі жөндеу жүргіз қажеттілігі туралы шешім қабылдайды, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді ұйымдастырады, техникалық тексеру және энергия аудитін жүргізеді.

Басқару органдарының қызметінің ашықтығын арттыру

Пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар иелері және тұрғын үй құқық қатынастарының басқа да субъектілерімен өзара қарым-қатынасын жақсарту және бизнес процестердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын электрондық-ақпараттық ресурстар мен жүйелерді енгізу арқылы цифрландыру көзделген.

 

Тұрғын үй-құрылыс және тұрғын үй кооперативтерінің қызметін жетілдіру.

 

Тұрғын үй-құрылыс кооперативтерінің қызметінде бұзушылықтарды болдырмау үшін кооператив құрылған кезде тек бір көппәтерлі тұрғын үй үшін құрылатын болады, мүшелер саны пәтерлер санынан аспауы тиіс және құрылыс мемлекеттік тіркеуден кейін және жалдау құғында немесе жеке меншігінде жер учаскесі болғанда жүргізіледі

Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды, газ және газбен жабдықтау объектілерін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету

Заң жобасы аясында жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй инспекцияларын газ, газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік бақылауды және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғылардың қауіпсіз пайдаланылуын қадағалауды жүзеге асыру бойынша құзыреттілік бөлінген.

Бүгінгі күні лифт шаруашылығының басым бөлігі өзінің нормативтік пайдалану мерзімінен асып кеткен және осы мәселені шешу үшін лифтілерді жөндеу мен ауыстыру жұмыстарын қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асатын болады.

 

Осылайша, заң жобасын қабылдау тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық субъектілерінің ара қатынасын жақсартуға, сондай-ақ тұрмыстың қауіпсіз әрі ыңғайлы ортасын құру арқылы халықтың тіршілігін арттыруға алып келеді.

Бөлісу