Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

"Жеке тұлғаларды кірістер мен мүлікті жалпыға бірдей декларациялауға тарту» мәселесі бойынша кездесу.

14.11.2019 0

2019 жылғы 14 қарашада Қаржы және бюджет комитетінің отырыс залында мемлекеттік органдармен «Жеке тұлғаларды кірістер мен мүлікті жалпыға бірдей декларациялауға тарту» мәселесі бойынша кездесу өткізілді. Кездесуге Қаржы министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Әділет министрліктерінің өкілдері қатысты.

Басты баяндамашы  Қанат Ескендірұлы Баеділов, сонымен қатар Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы Мамаев Талғат Шарыұлы, Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің директоры Амрин Азамат Кемеңгерұлы сөз сөйледі. Кездесуге ҚР Үкіметінің ҚР Парламентіндегі өкілдігінің жауапты қызметкерлеріде қатысты.  Кездесуді ұйымдастыруға жауапты Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Дүйсембаев Ғұмар Ислямұлы.

 

 

Бөлісу