Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенат депутаты Ғұмар Дүйсембаев өңірге сапар барысында Атырау облысының Құрманғазы, Исатай, Махамбет аудандарында елді-мекендерде болды. (2020 жылғы 5-14 қаңтар аралығында)

16.01.2020 0

Сенат депутаты  Ғұмар Дүйсембаев өңірге сапар барысында  Атырау облысының  Құрманғазы, Исатай,  Махамбет аудандарында жеті елді-мекенде болды.  Құрманғазы ауданы орталығында мәслихат депутаттары, мемлекеттік шекарадағы орналасқан өткізу пункттерінің қызметкерлерімен және аудан  тұрғындарымен кездесті.  Исатай ауданында аудан әкімшілігінің  залында аудан тұрғындарымен өткен кездесуден кейін, Аққыстау селосында салынып жатқан 320 орындық жергілікті кәсіпкерлік колледж құрылысының жүру барысымен танысты. Исатай ауданы Аққыстау ауылы және Мақат ауданы Доссор поселкелерінде республикалық бюджеттен қаржыландырлған  кәріздік тазарту имараттарының құрылыстарында болып, құрылысшылармен кездесті. Бүгін Атырау қаласындағы салынып жатқан Жастар мен оқушылар сарайының құрылыс жұмысын қарап, танысты. Кездесулер барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы басым бағыттары және Парламенттегі заңнамалық жұмыстар туралы  әңгімелеп, қолданыстағы заңнамаға әлеуметтік мәселелер, кәсіпкерлікті қолдау және өңірлік дамуға қатысты енгізілген түзетулерді түсіндірді.  Жолдауының негізгі ережелеріне тоқталып, оны жүзеге асыру елміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатының артуына ықпал ететіндігін атап өтті. Кездесу барысында депутат сайлаушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.  Өз тарапынан Ғ. Дүйсембаев айтылған өзекті мәселелерді құзырлы органдармен бірлесе отырып, қарастырылатынын айтты.

Бөлісу