Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасы мен Бразилия Федеративтік Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы»

19.02.2020 0

2020 жылғы  19 ақпанда  Қаржы және бюджет комитеті  «Қазақстан Республикасы мен Бразилия Федеративтік Республикасы арасындағысотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы»  Заң жобасын талқылау бойынша комитет отырысын өткізді

Аталған заң жобасын талқылауға Қазақстан Республикасы Бас прокурорының Орынбасары Болат Бекназарұлы Дембаев, Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығының орынбасары, Айбек Асқарұлы Нұрахметов қатысты.

 Өз баяндамасында Б. Дембаев «Аталған Шарт екі мемлекет арасында сотталған адамдарды жазасын одан әрі өз отанында өтеу үшін олармен алмасу мүмкіндігімен байланысты мәселелерді реттеуге бағытталған.

Онымен адамды беруді іске асыруға рұқсат ететін нақты жағдайлар мен ондай берудің мүмкіндігін жоққа шығаратын жағдайлар қарастырылған»  деп атап өтті.

 

         Заң жобасын қарау  барысында депутаттар  өздерін алаңдататын бірқатар сұрақтар қойып, өздерінің пікірлерімен бөлісті.

Заң жобасын талқылау нәтижесінде комитеттің оң қорытындысын Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары  комитетіне жіберу туралы шешім қабылданды.

Бөлісу