Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«2012 жылғы 3 мамырда Люксембургте қол қойылған Хаттамамен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2008 жылғы 26 маусымда Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Люксембург Ұлы Герцогтігінің Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы»

28.09.2020 0

«2012 жылғы 3 мамырда Люксембургте қол қойылған Хаттамамен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2008 жылғы 26 маусымда Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Люксембург Ұлы Герцогтігінің Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша

Анықтама

 

2018 жылы дивидендтерді салық салудан босату мақсатында мемлекетте – табыс көзі болып табылады, қазақстандық тарапы Қазақстан мен Люксембург арасындағы Конвенцияға өзгертулер енгізу туралы хаттама жасауға бастамашы болды. 2019 жылы 14 қазанда келіссөздердің қорытындылары бойынша Қазақстан мен Люксембург арасындағы Конвенцияға өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға қол қойылды. 2019 жылы 30 желтоқсанында «2019 жылғы 14 қазан айындағы қол қойылған Хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын Қазақстан Республикасының Мәжілісіне жіберілді.

Жоба «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңының 5-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес әзірленген.

Жоба осындай дивидендтердің нақты иесі Үкімет немесе орталық, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, Орталық (Ұлттық) банк немесе Үкіметке толықтай тиесілі кез келген басқа мекеме болған жағдайда, мемлекет кірістер көзі болып табылатын дивидендтерге салық салудан босатуды көздейтін Хаттама жобасына мақұлдауды ұсынады.

Осылайша, аталған Хаттаманың мақсаты Люксембург аумағында тіркелген кәсіпорындарда акцияларды иелену кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне төленетін дивидендтерді салық 5% төлеуден босату болып табылады.

Бөлісу