Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Ғ. Дүйсембаевтың 2020 жылғы 1 қазандағы Сенаттың жалпы отырысында жасаған қосымша баяндамасы

01.10.2020 0

2012 жылғы 3 мамырда Люксембургте

қол қойылған Хаттамамен енгізілген

өзгерістерді ескере отырып, 2008 жылғы

26 маусымда Астанада қол қойылған ҚРҮкіметі

мен Люксембург ҰГҮкіметі арасындағы

Табыс пен капиталға салынатын салықтарға

 қатысты қосарланған салық салуды болдырмау

және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы

 конвенцияға толықтыру енгізу туралы хаттаманы

ратификациялау туралы»

заң жобасы бойынша Ғ. Дүйсембаевтың қосымша баяндамасы

01.10.20ж.





Құрметті Мәулен Сағатханұлы, әріптестер мен шақырылғандар!

 «2012 жылғы 3 мамырда Люксембургте қол қойылған Хаттамамен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2008 жылғы 26 маусымда Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Люксембург Ұлы Герцогтігінің Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қаралуымызға енгізіліп отыр.

Аталған хаттама 2019 жылғы 14 қазанда Нұр-Сұлтанда және Люксембургте жасалған.

Қолданыстағы Конвенцияға толықтыру енгізу дивиденттерді олар мемлекеттік иелік етумен байланысты болған кезде салық алудан босату арқылы ел бюджетінің мүдделерін қорғау қажеттігінен туындап отыр.

Нәтижесінде дивиденттердің іс жүзіндегі иесі Үкімет немесе орталық не жергілікті билік органы, Орталық (Ұлттық) Банк немесе Үкіметке толығымен тиесілі кез келген басқа мекеме болып табылған жағдайда, кіріс көзі мемлекетінде дивиденттерді салық салудан босату көзделеді.

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 4-тармағына сәйкес Хаттама ратификациялануға жатады.

Заң жобасы жұмыс тобының және комитеттің отырыстарында жан-жақты қаралды. Сенаттың барлық комитеттері заң жобасы бойынша өздерінің оң қорытындыларын берді.

Баяндалғанды ескере келе, Қаржы және бюджет комитеті, Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының                    4-тармағына сәйкес «2012 жылғы 3 мамырда Люксембургте қол қойылған Хаттамамен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2008 жылғы 26 маусымда Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Люксембург Ұлы Герцогтігінің Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңын қабылдауды ұсынады.

Назарларыңызға рахмет!

   
Бөлісу