Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенатор Бақытжан Жұмағұлов Ақмола облысындағы әлеуметтік нысандарды аралады

15.01.2020 620

Сенатор Бақытжан Жұмағұлов жұмыс бабындағы сапармен Ақмола облысында болды.

Сенатор Көкшетау қаласындағы бірқатар білім беру нысандарын аралап, оқытушылармен, оқушылармен және студенттермен кездесті. Депутат болған оқу орындарының ішінде Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, Щучинск қаласындағы жоғары техникалық колледж, жоғары педагогикалық колледж, №2 орта мектеп, сондай-ақ Ақылбай ауылындағы шағын жинақты мектеп бар.

Кездесулерде «Педагог мәртебесі туралы» заң мен Қазақстан Республикасының 2020-2025 жылдарға арналған білім беру мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының ережелері жан-жақты түсіндірілді.

Депутат жаңа заңдағы әдепке қатысты және басқа да құқықтық, әлеуметтік кепілдіктер туралы ережелер туралы айта келіп, педагогтардың өз қызметіне адалдығы бәрінен де жоғары екенін ерекше атап өтті.

Б.Жұмағұлов Бурабай ауданының жұмыспен қамту және халыққа қызмет көрсету орталығында да болды. Сенатор атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген азаматтармен әңгімелесіп, әлеуметтік қолдау алуға байланысты көрсетілетін қызметтердің құжаттарын қабылдау, тапсыру рәсімдерімен танысты.

Бөлісу