Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенаторлар медиаторлармен саладағы мәселелерді талқылады

20.05.2022 295

Парламент Сенатының депутаттары Ләззат Сүлеймен, Қанатбек Сафинов және Рысқали Әбдікеров Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Қызылорда, Маңғыстау және Атырау облыстары әкімдіктерінің өкілдерімен және осы өңірлердің медиаторларымен кездесті. Кездесу барысында медиация саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізуге ұсынылған түзетулер талқыланды.

Медиаторлар кездесуде медиация институтын дамыту жөніндегі өз ұсыныстарын айта отырып осы саладағы проблемаларды да көтерді.

Кездесу қорытындысы бойынша Жоғарғы сот өкілдерімен, ақпарат және қоғамдық даму, ішкі істер, сондай-ақ әділет министрліктерінің басшылығымен медиация саласындағы өзекті мәселелерді талқылайтын отырыс өткізуді жоспарлау туралы шешім қабылданды.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

 

Бөлісу