Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенатор Бақытжан Жұмағұлов Азаматтық қорғаныс академиясының жеке құрамымен кездесті

03.08.2022 372

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов Көкшетау қаласына жұмыс сапары барысында Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғаныс академиясында болды.

Сенатор академияның материалдық-техникалық базасымен, оқу және білім беру бағдарламаларымен танысты, музейде, оқу ғимараттарында, зертханаларында болды.

Академияның қызметкерлерімен және профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесу барысында сенатор Президенттің бастамасы бойынша жүргізіліп жатқан конституциялық реформалар, ұлттық құндылықтарды сақтаудың маңыздылығы, Палатаның заң шығару жұмысы және Парламенттің өткен сессиясында қабылданған заңдар туралы айтып, жоғары оқу орнын одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Кездесуге қатысушылар сонымен қатар азаматтық қорғаныс саласындағы білім беру сапасын арттыруға және азаматтық қорғаныс академиясының материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік базасын жақсартуға бағытталған бірқатар ұсыныстар айтты.

Бақытжан Жұмағұлов көтерілген мәселелердің барлығы заң шығару қызметі барысында ескерілетінін және тиісті мемлекеттік органдармен пысықталатынын атап өтті.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу