Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенатор Сәуле Айтпаева «Орталық Азиядағы өркендеу жолында интеграцияны күшейту» тақырыбындағы аймақтық конференция жұмысына қатысты

28.11.2019 979

2019 жылғы 28 қарашада Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі С.Айтпаева Нұр-Сұлтанда өткен «Орталық Азиядағы өркендеу жолында интеграцияны күшейту» тақырыбындағы аймақтық конференцияға қатысты.

Еуропалық Одақ ұйымдастырған шара Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан арасындағы өзара аймақтық іс-қимылды нығайтуға мүмкіндік береді. Шара 2019 жылғы 17 маусымда Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөнінде қабылдаған жаңа Стратегиясы аясында өтіп отыр.

Конференцияның бірінші күні жалпы бюджеті 28 млн еуро болатын Еуропалық Одақ қаржыландырып отырған көп жылғы көлемді үш бағдарламаны іске асыру басталғаны ресми түрде жарияланды. Олар Орталық Азия елдеріндегі сауданы, заң үстемдігін, инвестициялар мен экономика өсімін қолдауға бағытталған.

Еуропалық Одақтың елшісі Свен-Олов Карлссонның, Еуропа Кеңесі бағдарламалары жөніндегі бас директор кеңсесінің басшысы Верена Тейлордың, Халықаралық сауда орталығы мемлекеттер бағдарламалары бөлімшесінің басшысы Ашиш Шах және ЕЫДҰ Еуразия елдерімен жұмыс бөлімшесінің басшысы Уильям Томпсонның қатысуымен аталған үш бағдарламаға қол қою рәсімі болды.

Ресми шарадан кейін министрлердің деңгейінде сараптамалық тұрғыда пікір алмасылды. Онда Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөніндегі жаңа Стратегиясының міндеттері, сондай-ақ Еуропалық Одақ аймағы мемлекеттерінің басшылары, олардың серіктестері және жекеменшік сектордың өкілдері жоспардан нақты әрекетке көшуіне қажетті қабылданатын нақты шаралар талқыланды. Пікірсайысқа қатысушылар, оның ішінде экономика және әділет министрлері мен олардың орынбасарлары Орталық Азия мемлекеттерінің инвестиция тарту және орнықты әрі бәрі қамтылатын өсуді қамтамасыз етуге қатысты басымдықтары мәселесін қозғады, аймақтық және халықаралық сауда интеграциясын күшейту жоспарлары және заң үстемдігін нығайту жолында жаңадан қабылданған шаралар туралы айтып берді.

Конференцияның екінші күні Еуропалық Одақтың «Орталық Азия Инвест» аймақтық бағдарламасына арналады.

Бөлісу