Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Сенат мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен өмір сүру сапасын жақсартуға қатысты ұсыныстарды қабылдайды

Сенат мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен өмір сүру сапасын жақсартуға қатысты ұсыныстарды қабылдайды

2019 жылғы 4 шілде айында Сенат Төрағасы Дариға Назарбаеваның тапсырмасы бойынша еліміздегі мүгедектігі бар адамдардың құқықтырын қамтамасыз ету және өмір сапасын жақсарту жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау бойынша Жұмыс тобы құрылған болатын.

Жұмыс тобының құрамына Парламент депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, әлеуметтік және білім беру мекемелерінің қызметкерлері, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кірді. Жұмыс тобының 8 отырысы өтіп, нәтижесінде 59 ұсыныс әзірленді.

Жинақталған ұсыныстар барлық санаттағы мүгедектігі бар жандардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Дарига Назарбаева өз кезегінде Жұмыс тобының ұсыныстарын талқылау және азаматтардың ұсыныстарын алу үшін Сенаттың ресми сайтында жариялауды тапсырды.

Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен өмір сүру сапасын жақсартуға қатысты ұсыныстарды Turegaliyev@parlam.kz және Amanbayuly@parlam.kz электрондық мекен-жайларына жіберуге болады.

  Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмыс тобы мүшелерінің ұсыныстары