Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Әкімов Рашит Қайыржанұлы

Әкімов Рашит Қайыржанұлы

Туған жері: Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Үлгілі ауылы (15.03.1954)

 

Білімі: 

Целиноград ауылшаруашылық институты (1980)

Ветеринарлық дәрігер

«Фемида» Заң академиясы (2005)

Заңгер

Ғылыми атағы, дәрежесі, қызметі:

Витебск ветеринарлық институтының аспирантурасы (1984-1987);

Ветеринария ғылымдарының кандидаты, диссертация тақырыбы: «Қозылар өкпесінің су алуының аэрозолетерапиясы және аэрозольпрофилактикасы» (1987)

 

1980-1983 жылдар - Целиноград ауданы Интернациональное ауылындағы ЦАШИ оқу шаруашылығының аға мал дәрігері;

1987-1993 жылдар - ЦАШИ ветеринарлық факультетінің ассистенті;

1993-1994 жылдар - Целиноград қаласындағы Целиноград аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары;

1994-1997 жылдар - Целиноград ауданы Рождественка ауылындағы «Нұра» АҚ басқарма төрағасы;

1997-1999 жылдар - Ақмола облысы Целиноград ауданының әкімі;

1999-2004 жылдар -  Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімі;

2004-2007 жылдар - Көкшетау қаласының әкімі;

2007-2012 жылдар - Ақмола облысы Астрахан ауданының әкімі.

2012-2013 жылдар - Ақмола облысы Ақкөл ауданының әкімі;

2013-2014 жылдар - Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары;

2014 жылғы қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына депутат болып сайланды;

2014-2017 жылдар - Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту Комитетінің мүшесі;

2017 жылғы 04 қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту Комитетінің хатшысы.

 

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

 

Үйленген, 3 баласы бар.