Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Ағиса Бахыт

Ағиса Бахыт
Жалпы бөлімнің меңгерушісі

1969 жылы туған. Білімі жоғары. Қазақ дене тәрбиелеу мәдениеті институтын, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынасатар институтын бітірген. Дене тәрбиелеу мәдениетінің оқытушысы, жаттықтырушы, халықаралық-заңгер.

Еңбек жолын ҚР Министрлер кабинеті жанындағы Орталық ауруханада бастаған, содан кейін Қазақстан Республикасы Коституциялық соты Аппаратының маманы, Қазақстан Республикасы Президентінің Жоғарғы Кеңестегі Өкілінің қабылдау бөлмесінің аға инспекторы, Парламент Сенаты Аппараты Жалпы бөлімінің аға референті, Құжаттармен қамтамасыз ету бөлімінің консультанты, бас сарапшысы, Әкімшілік бөлімінің, Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бас консультанты, Жалпы бөлім меңгерушісінің орынбасары болып қызмет істеген.

«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медальмен, ТМД ПАА Кеңесінің Құрмет грамотасымен, мерейтойлық медальдермен марапатталған.