1969 жылы туған. Білімі жоғары. Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Заңгер. Заң ғылымдарының кандидаты.
Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті азаматтық құқық кафедрасының оқытушысы, Л. Гумилев атындағы Еуразия университеті азаматтық құқық және еңбек құқығы кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппараты Құқықтық сараптама бөлімінің консультанты, Заңдар және құқықтық реформа комитеті хатшылығының, Сараптама бөлімінің, Ақпараттық-талдау бөлімінің, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетімен өзара байланыс жасау бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істеген.
«Құрмет» орденімен (2020), алты медальмен, соның ішінде «Ерен еңбегі үшін» медальмен, ТМД ПАА кеңесінің Құрмет грамотасымен, «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі бар.
- Заңнама бөлімі
- Ақпараттық-талдау бөлімі
- Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара байланыс жасау бөлімі
- Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетімен өзара байланыс жасау бөлімі